turkystan.kz/kz/articles/view/31193 Бұқаралық - TopicsExpress



          

turkystan.kz/kz/articles/view/31193 Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, мемлекеттік тұтастығына, сыртқы саясаттағы беделіне нұқсан келтіретін сөздерді оңды-солды насихаттаған осындай адамды Қазақстан шекарасынан неге аттаттық? «Персона нон грата» деген ұғым бар саясатта. Яғни, ел шекарасынан кіруге рұқсат етілмейтін тұлғалар тізімі түзіледі. Колеровті де осы тізімге кіргізіп, оны шекара маңына жуытпау керектігі о бастан-ақ белгілі болған. Бірақ оны төбесіне хан көтерген әлдекімдер ерекше ілтипат-құрметпен елімізге, әсіресе, азаттығымыздың туы көтерілген қасиетті Алматыға арнайы шақыртуын қалай түсінеміз? Қала әкімдігі қайда қараған? Колеровті қонаққа шақырып, төрінен орын берген KIMEP университетінің басшылығы осы қадамдары арқылы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың саясатына қарсы екенін байқатып отыр ма? Ал Қазақстанның саясатына қол сұққан Колеровқа қарсылық білдірген қазақ жас­тарын тәртіп сақшыларының қорқытып-үркітуінің астарында не жатыр?
Posted on: Mon, 30 Sep 2013 09:26:13 +0000

Trending Topics



Recently Viewed Topics




© 2015