Кiшкентай бөпемiз өсiп келе жатыр, бiр - TopicsExpress



          

Кiшкентай бөпемiз өсiп келе жатыр, бiр жастан бiрнеше ай асты, ептеп тiлi шығып жатыр... Үйде анасы екеуiмiз тек қазақша ғана сөйлесемiз. Көбiнесе "Балапан" арнасын көрсетемiз, негiзi бағдарламалары дұрыс, бiрақ баладарға ағылшынша үйретемiз деп шұбарлатып алғандары жақсы емес, өз баламызға қазақша құйып жатсақ ол да ағылшынша құйып әлек! Жоғарыдан сондай белгiлеме болған шығар, түсiнiктi... Ал мына қанға сiңген орыстығымыз ешқашан да сарқылмайтын секiлдi... Олай деп отырған себебiм - бiз баламызға тек "анашым" және "әкетай" деп үйретiп жатсақ, көшеде, дүкенде, қонақта, ауруханада т.б. көрген жұрттың бәрi "мама" , "папа" деп, ала жөнеледi ғой бәрiн бұзып, оларды түзеткеннен шаршадым! "Бiз анашым, ана, әкетай, әке деп үйреттiк, мама-папа демеңiздершi!" десем, бәрiнiң айтатыны сол "тiлiмiз үйренiп қапты, онда тұрған не бар, папа-мама деген жаман емес қой....". Осыдан қазақ болып көр...
Posted on: Mon, 09 Sep 2013 03:20:51 +0000

Trending Topics



Recently Viewed Topics




© 2015