Мәскеуде «Made in Kazakhstan» киімдері - TopicsExpress



          

Мәскеуде «Made in Kazakhstan» киімдері таныстырылды Отандық киім шығарушылар бүгін Мәскеуде басталған ең ірі «Текстильлегпром» салалық көрмесінде Қазақстан атынан қатысып жатыр. KAZNEX INVEST экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі ұйымдастырған «Made in Kazakhstan» ұлттық стендінде өз өнімдерін белгілі алматылық киізден жасалған қолөнер бұйымдарының өндірушісі «Aigul-line» ЖШС компаниясы, «AidaKaumeNOVA» сән үйі өзінің әйелдерге арналған дайын киімдерін, «ENDEAVOUR» ЖШС — «Iron bear» брендімен спорттық киімдерді және «Caramel» брендімен балалар киімдерін таныстырды. Сымбат сән академиясы әйелдер киімін және мектепке арналған киімді, «Glasman» ЖШС — мектеп киімі мен ерлерге арналған костюмдерді таныстырды. Ұлттық стендке қатыстырылу үшін компаниялар өндірістердің экспорттық әлеуеті негізінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп қауымдастығымен бірлесе отырып іріктеліп алынды. Көрме кәсіпорындарға өз ісін шетелде кеңейтуге және сатып алушылар мен серіктестерді табуға көмектеседі деп күтілуде. Статистикаға сүйенсек, қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің бүгінгі күні басты экспорттық позициялары мақта талшықтары мен жүн болып отыр. KAZNEX INVEST өз алдына қойып отырған мақсаттардың бірі — отанымызда шығарылған дайын киімдерді экспорттаудың көлемін арттыру. 2014 жылы ұлттық агенттік қазақстандық сәнгерлердің ірі халықаралық алаңдарда қатысуын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Posted on: Tue, 24 Sep 2013 11:02:23 +0000

Trending Topics



rb day because it is the day a
Jose arrives at the Mexican border on his bike with 2 huge bags
The life-light(john1). 3-5
ATTENTION NETWORKERS AND NEWBIES ALIKE ,, ACT FIRST AND START
I may be wrong, I may be right, moneys short and time is

Recently Viewed Topics




© 2015