Ү.ж. 19 шілдеде ҚР Малайзиядағы - TopicsExpress



          

Ү.ж. 19 шілдеде ҚР Малайзиядағы Уақытша сенімді өкілі Д.Сарекенов Малайзияның Ұлттық Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі кеңесінің (Construction Industry Development Board, CIDB) Басқарушы директоры Дато Джудин Адбул Кариммен және ү.ж. 22 шілдеде Малайзияның Оңтүстік-Оңтүстік ассоциациясының (Malaysia South-South Association, MASSA) Басқарушы директоры Нджи Cу Фунмен кездесулері өтті. Кездесулер барысында екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым қатынастары сұрақтары әнгіме болды. Сондай-ақ малайзиялық тараптың еліміздің инвестициялық жобаларында қатысу мүмкіндігі мен ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Сонымен қатар Қазақстандағы инвестициялық преференциялары, Кедендік Одақ және Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі туралы ақпарат берілді. CIDB – құрылыс саласындағы мемлекеттік реттегіш және Малайзиядағы құрылыс компанияларды тіркеуші орган болып табылады. MASSA – малайзиялық компаниялардан тұратын ұйым. Аталмыш компаниялар дамып келе жатқан мемлекеттерде бизнес жобаларды жүзеге асыру ассоциациясы.
Posted on: Mon, 22 Jul 2013 09:55:17 +0000

Trending Topics



Recently Viewed Topics




© 2015